From Wikipedia, the free encyclopedia
Сукөріктер тұқымдасы (лат. Hydrocharitaceae) – суда өсетін көп жылдық дара жарнақты өсімдіктер. Қоңыржай, тропиктік және субтропиктік белдеулерде 16 туысы, 100-ден артық түрі кездеседі. Қазақстанда Ақтөбе, Шығыс және Орталық Қазақстан облыстарында, Арал тауы маңында өсетін 4 туысы (бақаоты, болбыр, бұрандажапырақ, жауқияқ) бар.
Сукөріктер тұқымдасы | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Hydrocharis morsus-ranae
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Тектері | ||||||||||
18 тегі белгілі |
Сукөріктер тұқымдасының сабағы су ішінде өсіп, жапырағы су бетінде қалқып тұрады. Гүлдері дара жынысты, қос үйлі. Бір аналығы бар, аналық гүлдері жеке-жеке орналасады. 2 – 15 аталығы бар, аталық гүлдері жартылай шатырша гүлшоғырын құрайды. Кейбір түрлері 10 м тереңдікке дейін ну қопа болып өседі және бұлардың тіршілік ортасына бейімделгені соншалық, су ішінде тозаңданады. Гүлдеген кезде ғана гүлдері су бетінен көрінеді. Сукөріктер тұқымдасының кейбір түрлері тағам және тыңайтқыш ретінде пайдаланылады, аквариумда өсірілетін түрлері де бар.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.